20 қыркүйекте Қазақстанда 2093 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 345 адамға аз. Кейінгі апталарда елде коронавирустың беті қайтқаны байқалады. Бірақ күн сайын ондаған адам өлімі тіркеліп жатыр. Жағдайы ауыр науқастардың саны әлі мың айналасында.
Індет басталғалы бері 864 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. 10 810-і қайтыс болған. 19 қыркүйекте 47 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл алдыңғы күннің көрсеткішіне қарағанда 10 адамға көп.