Дүниежүзілік банк Қазақстандағы көлік жолдарына 650 млн доллар қаржы бөлмек

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы көлік жолдарына 650 млн доллар қаржы бөлмек

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы көлік жолдарына 650 млн доллар қаржы бөлмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммиті аясында Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті.

Мемлекет басшысы еліміздің Дүниежүзілік банкпен стратегиялық серіктестігінің мәнін ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, бүгінде қаржы институтымен бірлесе су ресурстары, көлік және білім беру салаларында жалпы құны 3,5 миллиард доллар болатын бес ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.