Дәрігерлер 21-ші күні вакцина салудан бас тартты

Әлеуметтік желілерде Sputnik V вакцинасының екінші компонентін салдыра алмағандар осылай деп шағымданды. Қазақстандықтардың шағымына Цой жауап берді. Денсаулық сақтау министрлігі ақ халаттылардың бас санитария дәрігерінің екінші компонентті қабылдау мерзімі 45 күнге дейін ұзартылуына байланысты вакцина салудан бас тартып жатыр деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Министр вакцинаның екінші компонентін 21-ші күні алғысы келетіндер тіркелген жері бойынша емханаға хабарласып, еш кедергісіз алуға болатынын жеткізді. Еске сала кетейік, мамыр айының басында еліміздің бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойған болатын. Оған сәйкес вакцинаның бірінші және екінші компоненттерін салдыру аралығы 45 күнге дейін ұлғайтылған. Бұрын бұл аралық 21 күн болатын. Мұндай шешім вакцина шығаратын Н.Гамалея атындағы орталықтың ұсынысы бойынша қабылданған. Бұл шешімді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да түсіндірді. Интервалдың ұзаруы адамдардағы иммундық жауаптың күші мен ұзақтығының артуына әкеледі.