Құдайбергеновтің президент кеңесшісі қызметінен неге босатылғаны белгілі болды

Олжас Құдайбергенов президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен неге босатылғанын айтты.

Құдайбергенов президент штаттан тыс кеңесшісі болуды өткен жылдың желтоқсанында ұсынғанын атап өтті.

Ол бұл еңбек келісімшартынсыз, еңбекақы төленбейтін қызмет болғанын атап өтті.

“Мен көптеген пікірімді президенттің кеңесшісі емес, өзімнің жеке атымнан жариялауды сұрайтынмын. Өйткені бұл мәртебе менің өткір пікірлеріме саяси көзқарас тудырды. Маған шенеуніктерге қойылатын талап қойылды. Менде оларда бар құзырет пен мүмкіндік болған жоқ”, – деді Құдайбергенов.