Биыл қыркүйекте ЖЭО ның жұмысы қалыпқа келтіріледі. Шығыс Қазақстан облысының әкімі жергілікті журналистермен кездесуде осылай деді. “Жылу орталығы жаңа қожайындарының қарызы 3,3 миллиард теңге. Олар жарық, зауыт, мазут үшін де төлемейді, жұмысшыларға жалақы бермейді. Олар мүлдем ештеңе жасамайды. ЖЭО-ның бұрынғы иелері де төлемеген. Сотқа 2,7 миллиард теңгеге талап-арыз бердік. ЖЭО мүлкіне тыйым салынды, ол коммуналдық меншікке өтеді. Қыркүйектің ортасына қарай станцияны қалыпты жағдайға келтіреміз”, – деді Даниал Ахметов. Бүгінде жылу электр орталығына көмірді Өскеменнің жылу желілері жеткізеді. Олар мазутпен де қамтамасыз етеді. Қаланы жылумен қамту үшін алдын ала төлем жасалған.