Даниал Ахметов жеңіл атлетика федерациясының жетекшісі қызметінен кетті

Даниал Ахметов жеңіл атлетика федерациясының жетекшісі қызметінен кетті
Даниал Ахметов мерзімінен бұрын жеңіл атлетика федерациясының жетекшісі қызметінен кетті. Бұл жөнінде туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, 11 желтоқсанда федерацияның отырысында Даниал Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, өзінің орнына Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың кандидатурасын ұсынған. Жиынға қатысушылар ұсынысты қолдаған. Ахметов федерацияға 2018 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. 70 жастағы Даниал Ахметов 2014-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысын басқарған. Оған дейін түрлі лауазымды қызмет атқарған.