Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Дархан Амангелдіұлы бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Ол еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданының «Келес» коммуналдық кәсіпорнынан бастаған. 2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, Президенттің Іс басқармасында әртүрлі лауазымда қызмет атқарған. 2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.