“Бүгін мен Парламент Мәжілісінің депутаты ретіндегі өкілеттігімді тоқтатып, әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени-қайырымдылық шараларға толықтай жұмылу туралы шешім қабылдадым. Ол қайғылы қаңтар оқиғасы туралы айта келе, ел мүддесіне қызмет ететінін, ол үшін лауазым қажет емес екенін айтты, – деп хабарлайды закон кз. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева еңбек демалысында және коронавирустан кейін оңалту курсын алып жатқаны айтылған еді. Бұл ақпаратты депутаттың көмекшісі Жанна Ермакова растаған болатын.