Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният “Цербер” штамы туралы айтты

Елімізде жуырда ғана “омикронның” “Цербер” деп аталатын жаңа түрі анықталды. “Цербер” – “омикронның” кіші түрлерінің бірі. “Омикронның” ішкі түрлерін бақылап, тексеретінімізді және анықтайтынымызды білесіздер. “Цербер” жалпы айналымдағы вирустың 0,5 пайызына тең. Ол жеңіл сипатталады. Қазір ауруханада 100 науқас жатыр. Оның ішінде 10 науқас ауыр халде”, – деді Ажар Ғиният Сенат кулуарында.