Денсаулық сақтау министрі карантиннің ұзартылуына байланысты пікір білдірді. “Біз алдағы екі аптада мәліметтерге мониторинг жүргіземіз. Егер ауру тұрақты түрде азайса, оған қатысты жоспарымыз бар. Ол туралы біз мемлекеттік комиссияға шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы баяндадық”, – дейді министр.