Денсаулық сақтау министрлігі індетпен күреске тиісті деңгейде әзірлене алмады. Ведомствоның барлық болжамдары қате болды. Дағдарыс кезінде цифрландыру қызметінің де рөлі мүлде байқалған жоқ.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Ол төтенше жағдай болғандықтан, пандемияға қатысты барлық шешімді жедел қабылдау керек екенін айтты.
Тоқаев министрлікке пандемиямен күрес жөніндегі күнделікті есептің және ақпараттың берілуін қамтамасыз етуді үкімет пен әкімдіктерге тапсырды.