Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күреске тағы 42 млрд теңге сұрап отыр

Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күреске тағы 42 млрд теңге сұрап отыр.

Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ведомство басшысы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл қаражат ПТР-тестілеу қызметтерін төлеу үшін керек. Тағы 170 млн теңге ветзертхананың 67 маманының іссапарын өтеуге қажет, олар 1 тамыздан бастап ПТР-зерттеулер өтікізуге тартылады.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы өңір басшыларына оларды автокөлікпен қамтамасыз етуді, зерттеу жүргізу үшін шалғайдағы ауылдық жерлерден биоматериалдарды жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеуді тапсырды.