Депутат денсаулық сақтау министрлігін қатаң сынап тастады

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова денсаулық сақтау министрлігінің пандемияға қарсы күресу әрекетін қатаң сынға алды. Өйткені, жаңа кезеңде індетке шалдыққандар саны күрт өскен.

“Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері аталған салада көп жағдайда өз қолдарымен жасаған мәселелерден өздерін шеттетті. Бұл қомақты бюджет қаражатымен де байланысты. Ешқандай да тегін емдеу мен қолдау көрсету жоқ. Мәселенің барлығын азаматтардың өздері шешуі тиіс”, – деп жазды депутат өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Осылай деген депутат денсаулық сақтау министрлігін жағдайды еңсере алмай отырғанын мойындап, “індетпен күресуде белсенді жұмыс жүргізуге” шақырды.