Өткен аптада жаңа партия құратынын мәлімдеген Нұржан Әлтаев “Нұр Отаннан” шығарылып, депутаттық мандатынан да айырылды. 2 желтоқсанда орталық сайлау комиссиясы оның партия құрамынан шығарылып, депутаттық өкілеті тоқтағаны жайлы қаулы жариялады. Мәжіліс депутаты, “Нұр Отанның” партиялық бақылау комитетінің жетекшісі Павел Казанцев Facebook-тағы парақшасында оның “партия беделіне нұқсан келтіргені үшін” саяси ұйымнан шығарылғанын жазды. 27 қарашада Нұржан Әлтаев парламентте “Нұр Отанға” балама пікір айта алатын “нағыз” оппозициялық партия жоғын айтып, “Ел тірегі” атты жаңа саяси партия құратынын мәлімдеген.