Депутаттар кеншілердің зейнет жасын төмендетуді ұсынды

Халық қалаулылары премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады. Депутат Мақсат Раманқұловтың айтуынша, бұл мәселе жүздеген метр жер астында немесе ыстық металлургиялық пештерде жұмыс істейтін адамдарға, қауіпті және аса қауіпті кәсіптердің барлық өкіліне әлеуметтік әділеттілік мәселесін тағы да күшейтті. Қауіпті кәсіппен айналысатын жұмысшылардың көпшілігі зейнеткерлік жасқа жетпей жатады. Осыған байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы 1 және 2-тізімдерге сәйкес шахтерлар, металлургтер және басқа да кәсіптер үшін зейнетке шығу жасын қайтару қажет деп санайды, – деді депутат.