Депутаттар салық жүйесіне енгізілетін түзетулерді мұқият талқылайды. «Реформа қажет-ақ, бірақ ол барынша сараланып, байыппен қаралуға тиіс. Біз қосылған құн салығы мен әлеуметтік салық бойынша Үкіметтің позициясын білдік. Бұл мәселе бойынша сарапшылар мен Парламент депутаттары да өз пікірлерін айтып жатыр. Өзгерістерді барлық қырынан жан-жақты қарастырып, салық саласындағы жағдайды жақсартуға бағытталған салмақты шешім қабылдауымыз қажет», – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.