Дикий Арман деген атпен танымал қылмыс әлемінің серкесінің әлем чемпионатына қатысқан қазақ боксшыларына ақша таратты. Осыған қатысты Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан бокс федерациясының басшылығына ресми сұрау жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мәдениет министрлігі ұлттық құраманың жекелеген боксшыларына ақша беру федерация мен министрліктің ресми тұлғасы емес азаматтың жеке бастамасы екенін айтты. Мәдениет және спорт министрлігі өз тарапынан бокстан ұлттық құрама команда спортшыларын сапалы даярлау үшін барлық жағдай жасағанын жеткізді.