Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі 7 наурызға дейін ұзартылды

Бұл туралы Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын хабарлады. Оның айтуынша, 29 желтоқсанда мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы шыққан. “Сот шешімімен соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзарту санкцияланды “, – делінген хабарламада.