Әділет министрі Азамат Есқараев Елбасы туралы конституциялық заң жойылғаннан кейін не өзгереді деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Экс-президент үшін қол сұға алмаушылықтың барлық кепілдіктері сақталады. Тұңғыш Президенттiң ар-намыс пен қадiр-қасиетіне ешкім қол сұға алмайды. Және бұл заңмен қудаланады”, – деді ол. Ол экс-президенттерге берілетін кепілдіктер оның отбасы мүшелеріне қатысты емес екенін баса айтты. “Бұл отбасы мүшелеріне қатысты емес, тек оған ғана қатысты”, – деп қосты Есқараев. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, заңда бұрынғы президенттің отбасына қол сұғылмаушылық кепілдіктері қарастырылмаған.