Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова қазақ әндерінің әлеуметтік желіден жоғалып кетуіне байланысты пікір білдірді

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова қазақ әндерінің әлеуметтік желіден жоғалып кетуіне байланысты пікір білдірді. Екі апта бұрын Instagram әлеуметтік желіcінен қазақ әндері жоғалып кетті. “Meta мен қазақстандық ұжымдық басқару ұйымдарының бірі арасында келісім бар. Бірақ қараша айының соңында келісімшарт аясында екі тарап келісімге келмеген. Тариф пен төленетін сыйақы мөлшері аясында келіспеушіліктер туындаған. Бұл дауды мүмкіндігінше шешуге тырыстық, бірақ біздің де қолымыздан келмеді. Өйткені ұжымдық басқару ұйымдарының өз ұстанымы бар, Meta да келісімге келмей тұр. Елімізде Қазақстанда ондай ұйымдардың 15-і бар. Қазір кезде келісімшарт талаптары талқыланып, мәселе жақын арада шешімін табады деп сенеміз”, – дейді вице-министр Ботагөз Жақселекова.