Димаш Джеки Чанның жаңа фильміндегі басты әнді орындайды

Димаш Джеки Чанның жаңа фильміндегі басты әнді орындайды. Фильм “Авангард” деп аталады. Оның премьерасы Қытай мен Сингапурде және Малайзияда 30 қыркүйекте өтеді деп хабарлайды Sputnik. Ал 15 қазаннан бастап Ресей кинотеатрларынан көрсетілмек. Фильм режиссері – Стэнли Тун. Фильмде “Авангард” халықаралық қауіпсіздік қызметі туралы айтылады. Олар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен қаруланғандықтан, өзгелер орындай алмайтын міндеттерді жүзеге асырады.