Алматыда аса ірі көлемде мұнай өнімдерін заңсыз сақтап сатқан кәсіпорынға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24». «AA Trade Company» ЖШС-нің басшысы 80 тоннаға жуық дизель отынын ешбір құжатсыз, заңсыз сатпақ болғаны анықталған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәлімдеуінше тауар құны 4,6 млн теңге. Заңға қайшы әрекет еткен кәсіпкердің қитұрқы әрекеті дәлелденіп, ол 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім шығарарда сот рақымшылықты да ескерген екен.