Дональд Трамп Қытайға 50% қосымша баж салығын енгізбек. Егер Қытай америкалық тарифтерге жауап ретінде қабылдаған шараларды жоймаса, 9 сәуірден бастап Қытайдан келетін тауарларға 50% қосымша баж салығы салынады, – деп мәлімдеді АҚШ президенті. Бұл Трамптың Қытайдың 34%-дық жауап тарифтеріне реакциясы. Естеріңзге сала кетейік, 2 сәуірде Трамп АҚШ-қа жеткізілетін барлық өнімге 10% базалық тариф енгізілетінін мәлімдеді. Еуроодақ үшін бұл көрсеткіш 20%-ға, ал Қытай үшін 34%-ға дейін көтерілді. 4 сәуірде Қытай бұл шараға жауап ретінде АҚШ-қа қарсы 34% баж салығын енгізді.