Досаев әкім болғалы жауы көбейгенін айтты

Досаев әкім болғалы жауы көбейгенін айтты
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауы көбейген. Бұл туралы әкім Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты. Досаев қарсыластар саны таулы аймақтарда құрылыс жүргізуге рұқсат бермеген сайын өсе түскенін айтқан. «Соңғы бірнеше жылда қанша жобаны мақұлдаудан бас тартқанымызды елестете де алмайсыздар. Қаланың таулы аймақтарында құрылыс жүргізуге рұқсат бермегенім үшін жауым көбейіп кетті», – деді әкім. Әкім таулы аймақтарда құрылыс жүргізу талаптарын барынша қатаңдатып жатқанын мәдімдеді.