ДСМ бетпердеде жүрген құрттар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бірақ тиісті куәлігі бар медициналық маскаларды ғана сатып алуға кеңес беріп отыр, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде маскадағы “құртттар” туралы видеолар тарап жүр. Адамдар бетпердені ыстық судың буына қойып, қара талшықтардың қозғалғанын түсірген. Ал осы видеодан кейін денсаулық сақтау министрлігі медициналық бетперделердің құжаттарын тексеруге кірісті. Әзірше, ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Дегенмен, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бетпердені сатып алғанда тиісті куәлікті талап етуге кеңес беріп отыр.