Қазнетте балалар үйінің тәрбиеленушілерін коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуға мәжбүрлеп жатыр деген видео тараған. “Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстанда балаларға COVID-19-ға қарсы екпе салынбайды – Балалар үйіндегі балаларға да, отбасыларда тәрбиеленетіндерге де. Бұл фейк”, – деп хабарлады ведомстводағылар. Бүгінде Қазақстанда КВИ-ге қарсы екі вакцина қолданылуда: ресейлік “Спутник-V” және қазақстандық “QazVac”. Екі препараттың клиникалық сынақтарына 18 жастан асқан адамдар қатысты. Бұл вакциналардың баланың ағзасына әсері туралы мәліметтер болмағандықтан балаларға екпе жасалмайды.