Дубайға келген туристер әуежайда COVID-19-ға тексерілуі қажет. Дубай мен Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі осындай жаңа қаулы шығарды. Қазақстанды қосқанда әлемнің 29 елінен келетін адамдарда коронавирус тестінің нәтижесі болса да, вирус бар-жоғын анықтайтын тестен екінші мәрте өтуі тиіс деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дубай әуежайында туристің мұрнынан жағынды алынады. Содан кейін адамдар тест нәтижелері шыққанша оқшаулануы керек. Бұл шаралар коронавирусты жұқтырудың жоғары деңгейі байқалған елдердің азаматтары үшін енгізіліп отыр. Елге келушілерде коронавирус анықталмаса, оларға емін-еркін жүріп-тұруға рұқсат етіледі.