Сәрсенбі күні журналистердің сұрақтарына жауап берген АҚШ президенті Джо Байден Ресей басшысы Владимир Путинді “әскери қылмыскер” санайтынын айтты. Reuters агенттігінің жазуынша, Ресейдің Украинаға басқыншылығы тұсында Байден алғаш рет Путинге қатысты осындай тіркесті пайдаланып отыр. Сәрсенбі күні Байденнің сөзіне реакция білдірген Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков “мемлекет басшысының мұндай тіркесті қолдануына жол беруге болмайды” деген.