Еңбек министрі 42 500 теңгені төлеу қашан басталатынын айтты

Кірісінен айырылған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы тағайындау 20 шілдеден басталады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр әлеуметтік төлемге өтініш беруге арналған порталдар жұма күні іске қосылатынын айтты.

“Біздің жоспарымыз: жұма күні бүкіл портал өтініш беруге ашық болады. Ал дүйсенбіден, яғни 20 шілдеден төлемдерді тағайындауға кіріссек пе дейміз”, – деді Нұрымбетов.
Ол ең төменгі жалақы мөлшеріндегі төлем тек бір айға, шілдеге берілетінін атап өтті.