«Еңбек сіңірген геолог» наградасына мемлекеттік мәртебе берілмек. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осылай деді. Бүгінгі таңда заңнамалық түзетулер пысықталып жатыр. Қоса кетейік, биыл геология мамандығы бойынша түлектер саны үш мыңнан асқан. Сәтбаев университетінің дерегінше, түлектердің 98 пайызы мамандық бойынша жұмысқа орналасқан. Сонымен бірге, оқушыларды геология саласына баулу мақсатында «Жас геолог» қоғамдық қоры құрылған.