Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 50 мың теңге көлеміндегі жәрдемақыға қатысты ақпаратты жоққа шығарды.
“Екінші деңгейлі банктер арқылы бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) жасап, 50 мың теңге жәрдемақы алуға қатысты түрлі мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды”, – деді министрлікте. Ведомство елде міндетті түрде бірыңғай жиынтық төлем аударған соң тағайындалатын жәрдемақы жоқ екенін еске салды.
Тұрғындарға жалған ақпаратқа мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сену керектігі айтылды. Айта кетсек, 17 шілдеде карантин салдарынан уақытша жұмыссыз қалған тұрғындардан 42 500 теңге алуға өтініш қабылдана бастайды.