Египеттің Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан Қазақстан азаматының есімі белгілі болды. Ол Қазақстанның ішкі істер органдарының ардагері Ақмарал Мұқанова болып шықты. Естеріңізге сала кетейік, Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласының әуежайында үш қазақстандықтың үстіне жарнама тақтасы құлап кеткен еді. Оқиға Астана бағытындағы рейске отырғызу кезінде болған.