Egov.kz сайты бұзылды деген ақпарат жалған

Әлеуметтік желіде желдей есіп жүрген Egov.kz сайты мен мобильді қосымшасының бұзылуы туралы аудиохабарлама жалған. Бұл туралы ресми органның Telegram арнасы хабарлады. Ресми мәлімдемеде «электронды үкімет порталы да, мобилді қосымшасы да штаттық режимде жұмыс істеп тұр, оның ішіндегі деректерді, бөгде адамдар қолдана алмайды» делінген. Сондай-ақ онда халықты ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге, шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпау жайлы айтылған. Ал қандайда бір мәселе туындаған жағдайда 1414 номеріне хабарласуға болады.