Екі облыста кәмелетке толмағандардың порнографиясын ұйымдастырғандар ұсталды. “Тексеру барысында Telegram желісінде 2500 теңгеге порнографиялық видеороликтер, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталды. Сайтта барлығы 8012 адам тіркелген. Желі аудиториясы – Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары”, – делінген хабарламада. Сайт ұйымдастырушыларымен қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды. Облыс прокуратурасы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы топ мүшелерін Түркістан және Қызылорда облыстарында ұстады. Ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған, қазіргі таңда ол қамауға алынды. Қазір осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.