Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қостанай мен Ақмола облыстарында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының заңға қайшы әрекетін анықтады. Қызметкерлер жол ережелері туралы теориялық емтихан тапсырмаған азаматтарға сынақтан сәтті өткені туралы бланкілерді сатып келген. Олардың орнына емтиханды арнайы дайындалған жалған тұлғалар тапсырған. “Ауқымды заңбұзушылықтардың анықталуына байланысты елдегі барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тексеріс жүргізіледі”, – деді агенттік өкілдері.