Онда 17 жастағы екібастұздық оператор болып жұмыс істеген. Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында марқұмның мәйітінен бөлек, “Газель” көлігінің болғанын, оның толығымен жанып кеткенін жеткізді. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, автогаз бекетінің жарылуы салдарынан үш адам медициналық көмекке жүгінген.