Олар бұзылған үйлерге келтірілген шығынды қалпына келтіреді. Зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр, – деді Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук. Бұған дейін ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин де монополист компания жылу желілеріндегі апат салдарынан пәтерлері бүлінген Екібастұз тұрғындарына барлық жөндеу шығындарын өтейтінін мәлімдеген болатын.