Ертаев қылмыстық топ құрғаны және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.. Сондай-ақ, ол 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілігі бар қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Ертаев жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болады. 2020 жылдың қараша айында бұрынғы банкир Bank RBK-ға тиесілі 144 миллиард теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Жалпы алғанда, ол 20 жыл бойы жазасын өтеуі керек.