Ел азаматтары енді Қытай шекарасынан жаяу өте алады

Ел азаматтары енді Қытай шекарасынан жаяу өте алады. Абай облысында жаяу жүргіншілерге арналып Бақты кеден бекеті ашылды. “Бұл екі ел арасындағы байланысты нығайтып, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасаумен қатар сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті өңір әкімдігі. Сонымен қатар, жолаушыларға айына 1 рет 25 келіге дейін жүк өткізуге рұқсат етіледі. Ал халықаралық жолаушы тасымалдауға арнайы рұқсаты бар көлікпен ғана кіріп шыға алады.