Ел азаматтарының банк картасына бақылау күшейеді

Ел азаматтарының банк картасына бақылау күшейеді. Жеке басында 5 бірдей картасы барлардың төлемдері тексеріледі. Қаржы нарығын реттеу агенттігі осылай деп хабарлайды. Енді бір банктен бірнеше карта ашқандар заңсыз ақша айналымына қатысы болуы мүмкін деген арнайы санатқа енгізіледі. Қаржы ұйымдары бірнеше картасы бар клиенттің кімге ақша аударғанын, кімнен ақша түскенін тексеріп, ақпаратты сақтап отыруға міндеттеледі.