28 шілде күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 1544 адамнан анықталды. Вирус жұқтырған 760 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалмаған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Алматы қаласында – 271, Нұр-Cұлтан қаласында – 250, Шығыс Қазақстан облысында – 193, Қарағанды облысында 129 адамнан коронавирус табылған. Қалған облыстарда бір тәулікте анықталған вирус жұқтырғандар жүзден аспайды.
Ресми дерек бойынша, 86 192 адамға коронавирус жұққан. 56 638 адам жазылған. 28 шілде күнгі мәлімет бойынша, COVID-тан 793 адам қайтыс болған.