Елде еңбек мигранттарын рәсімдеу жеңілдеді. Олар енді азаматтарға арналған үкіметтің порталы мен халыққа қызмет көрсету орталығында патенттерін рәсімдей алады. Ішкі істер министрлігі мемлекеттік корпорациямен бірлесе биылдан бастап осындай пилоттық жобаны іске қосты. «Бір терезе» арқылы құжаттарды берудің тәртібі жеңілдетілді. Нәтижесінде жыл басынан бері орталық азаматтарға 7 жарым мыңдай патент берілген. Енді бірінші қарашадан бастап мемлекеттік қызметтің бұл түрін барлық орталыққа енгізу жоспарланып отыр.