Елде ПТР тестілеу қызметі арзандады

«Инвиво» және «Олимп» медициналық орталықтарында Ковид-19 вирусын анықтауға арналған зертханалық жұмыс құны 9000 теңгеге дейін төмендеді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі клиникалық-диагностикалық зертханалармен монополияға қарсы келісімге қол қойды. Осылайша жоғарыда аталған қос клиника карантин кезінде әлеуметтік жауапкершілік танытты. Ұлттық сараптама орталығындағы баға өзгеріссіз – 11 жарым мың теңге. Еске сала кеткен жөн, өткен аптада Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ПТР тестілеу бағасы 22 процентке арзандауы мүмкін деп хабарлаған болатын.