Елде сән-салтанат салығына балама ұсынылды. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин аталған салықты енгізу үшін ең алдымен сән-салтанат ұғымының нақты анықтамасы болуы керектігін айтты. Оның айтуынша, сән-салтанат ұғымының нақты критерийлері болмаған жағдайда, кейбір азамат әділетсіз салық жүктемесіне тап болуы мүмкін. Сондықтан бұл бағытта жан-жақты талдау жүргізу қажет. “Барлық жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асса, оның базалық мөлшерлемесі жылына 3 миллион теңге болады. әрі одан асатын сомаға тағы 2 пайыз салық қосылады. Егер көлігіңіздің құны 75 миллион теңгеден жоғары болса немесе қымбат алкоголь мен темекі өнімдерін тұтынсаңыз, салық төлеуіңіз керек. Сән-салтанатқа тағы қандай заттарды жатқызуға болады? Бұл сұрақтың жауабын нақтылау қажет”, – деді Жұманғарин Ақордада өткен брифингте.