Елде жалған ақпарат таратқандар айыппұл арқалайды.

Бұдан былай блогерлер парақшаларында жариялаған ақылы жарнама үшін салық төлейді. Тиісті құжатқа Мемлекет басшысы қол қойды. «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң негізінде, әкімшілік кодекске де өзгерістер енгізіліп отыр. Заңға сәйкес, ғаламторда жалған ақпарат таратқандар арқалайтын айыппұл мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішке тең. Жаңа заң медиа саладағы қоғамдық қатынастарды реттеп, азаматтардың құқығын қорғайды,- дейді сарапшылар. Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыровтың айтуынша, жаңа заңға сәйкес, әлеуметтік желіде табыс тауып отырғандар салық төлеуге міндеттеледі. «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң екі айдан соң күшіне енеді.