Алматы облысында «Алатау жастары» бағдарламасы бойынша баспанаға өтініш берушілер саны артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазірдің өзінде 1,5 мыңнан астам арыз тіркелген. Алайда олардың тең жартысы қарастырылмайды. Өйткені бағдарлама шарты бойынша өтініш беруші Алматы облысында кемінде бір жыл тұрып, жұмыс істеуі керек. Жеңілдетілген несие көлемі 10 млн теңгені құрайды. Осы сомаға жастардың облыс орталығынан немесе кез келген ауданнан үй алуына болады. Баспаналы болсам деген үміткер көп. Тұрғын үй бағдарламасына қатысуға 750 құжат қабылданған. Бірақ бағдарлама бойынша тек 60 жас отбасын ғана несиелеу қарастырылған. Сондықтан әр үміткердің тұрғылықты мекенжайы, жұмыс орны, төлем қабілеті, отбасы жағдайы қарастырылып, балмен бағаланады. Тұрғын үй бағдарламасы шарттарымен Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының ресми сайтында танысуға болады. Өтініш 1 желтоқсанға дейін қабылданады.