Мұндай пунктер халық көп жиналатын орындарда жұмыс істейді. Сәуір айында республика өңірлеріне 2 миллион вакцина дозасын жеткізу жоспарланып отыр,- деді Алексей Цой үкімет отырысында. Бұл халықтың 23,4%-ін вакцинамен қамтуға мүмкіндік береді екен. Сәуірде оңірлерге Қарағанды фармацевтика кешенінде өндірілген ресейлік “Спутник V” вакцинасының 1,5 миллион дозасы, басқа өндірушілерден қосымша 500 мың доза және отандық “QazCovid-in” вакцинасының 25 000 дозасы жеткізіледі.