Сөреледе темекі өнімдерінің жарнамасы болмайды. Бірінші шілдеден бастап күшіне енетін жаңа ережелерге сәйкес, сату орындарында темекі өнімдерін орналастыруға және ашық көрсетуге тыйым салынады, деп хабарлайды Информбюро. Мұндай ереже темекі шегушілердің санын азайту үшін енгізіліп отыр. Сатылатын темекінің тізімі ақ параққа қара түсте жазылады. Тізім әліпбилік тәртіппен, қандай да бір бейнелерсіз бағаны көрсете отырып жасалады. Айта кетейік, бүгінде темекінің ең төменгі құны 500 теңгеге тең. Ал 1 шілдеден бастап ол 520 теңгеге көтеріліп, әр алты ай сайын оның бағасы өседі.