Елдегі ұялы байланыс ақаулары жойылды

Елдегі ұялы байланыс ақаулары жойылды. Kcell/Activ қызметтері толық қалпына келтірілді, – деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Компания техникалық ақаудан зардап шеккендердің бәріне 10 гигабайт көлемінде бонустық интернет-трафик берілетінін айтты. Еске салайық, бұған дейін елорда тұрғындары әлеуметтік желіде байланыс пен желіге қосылу мүмкін емес екенін айтып шағымданған болатын. Мұндай мәселелер Қарағандыда да байқалған.