Елдегі әуекомпаниялардың басшыларына рейсті кешіктіргені үшін айыппұл салынады. Ұшақтардың кешігу жағдайларын азайту үшін Көлік министрлігі осындай шараларды енгізбек. Үкімет отырысында министр Марат Қарабаев қазір рейстердің кешігуіне үш фактор әсер етіп отырғанын түсіндірді. Оның айтуынша, елдегі алты әуежайда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау, ауа райы жағдайлары, адам факторы және пайдаланылған әуе кемелері санының артуына әсер еткен жолаушылар ағынының өсуіне компания басшылары жауап береді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 10 тамызда Астана әуежайынан ұшатын 15 рейс кешіктірілген еді.